1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

  • Осы «Сақтандыру өнімдері бойынша клиенттерге сыйлықтардың ұтыс ойыны» акциясын өткізу және оған қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «ZOLOTO NOMADOV», «ZOLOTO NOMADOV LIGHT» және «ZOLOTO NOMADOV Invest» сақтандыру өнімдеріне қызығушылықты қалыптастыру және қолдау мақсатында әзірленді.
  • «ZOLOTO NOMADOV», «ZOLOTO NOMADOV LIGHT» және «ZOLOTO NOMADOV Invest» сақтандыру өнімдері бойынша клиенттерге сыйлықтардың ұтыс ойыны» акциясы (бұдан әрі – Акция) 18 жасқа толған белгісіз адамдар тобы (бұдан әрі – Қатысушы) арасында өткізіледі.
  • Акцияның ұйымдастырушысы «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болып табылады.
  • Акция 15.07.2020 ж. - 15.01.2020 ж. (қоса алғанда) аралығында өткізіледі.
  • Акцияға қатысу үшін Ұйымдастырушының кез келген сақтандыру өнімі бойынша сақтандыру шартын немесе бірнеше сақтандыру шарттарын жасасу қажет:

- «ZOLOTO NOMADOV»,

- «ZOLOTO NOMADOV LIGHT»,

- «ZOLOTO NOMADOV Invest».

 

2. АКЦИЯҒА ҚАТЫСУҒА РҰҚСАТ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ

  • Акцияға қатысушысы болып Акция өткізілетін кезеңде Ұйымдастырушымен «ZOLOTO NOMADOV» және (немесе) «ZOLOTO NOMADOV LIGHT» және (немесе) «ZOLOTO NOMADOV Invest» өнімі бойынша кемінде 10 000 (он мың) АҚШ доллары (АҚШ долларымен көрсетілген барлық сомалар сақтандыру қағидалары мен сақтандыру қорғанысы 07.2020 ж. бастап 15.01.2021 ж. дейін (қоса алғанда) басталған сақтандыру шартының (бұдан әрі – Шарт) талаптары негізінде қайта есептелуі және (немесе) айырбастылуы тиіс), сақтандыру сыйлықақысымен сақтандыру шартын жасасқан жеке тұлға табылады. Сақтандыру шарты бойынша барлық төлемдер ұлттық валютада – теңгеде жүзеге асырылады.
  • Акцияға Акцияны Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, Ұйымдастырушымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалар, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге тартылған басқа да ұйымдардың қызметкерлері қатыса алмайды. Акцияға басқа мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар қатыса алмайды.
  • Акцияның қолданылу кезеңінде жасалған Шарттар бойынша сақтандыру сыйлықақыларын Қатысушылар Шарттың талаптарына сәйкес толық көлемде төлеуі тиіс.
  • 10 000 АҚШ долларынан жоғары сақтандыру сыйлықақысын төлеу талабымен Шартты жасасқан кезде, сақтанушы осындай Шарт бойынша Акцияға 10 000 АҚШ доллары мөлшеріндегі сомаға еселік рет қатыса алады.
  • Әрбір клиенттің «ZOLOTO NOMADOV»,«ZOLOTO NOMADOV LIGHT» және «ZOLOTO NOMADOV Invest» бағдарламасы бойынша салымның әрбір 10 000 доллар бір лотереялық билетке сәйкес келеді;
  • Акцияның шарттарына сәйкес келетін әрбір полис бас жүлде мен бір қосымша жүлденің ұтысына қатысады.                                                                                     3.АКЦИЯҒА ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ, АКЦИЯНЫҢ СЫЙЛЫҚТАРЫ
    • Акцияға осы Қағидалардың 2-бабында көрсетілген тұлғалар қатыса алады.
    • Акцияға Қатысушылардың арасында төмендегідей сыйлықтардың ұтыс ойыны өткізіледі:
      • Бас жүлделер: Toyota Corolla маркалы 2 автомобиль, Қағидаларға 1-қосымшасына сәйкес жиынтықталуымен;
      • Қатысушының таңдауы бойынша Қағидаларға 2-қосымшасында көрсетілген емханалардың бірінде толық медициналық қарап-тексеруден қөткізуге 4 Сертификат.
      • Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес премиум-санаттағы 2 жүгіріп жаттығу құралы;
      • Қағидаларға 2-қосымшасына сәйкес премиум-санаттағы денсаулыққа арналған тауарлардың 12 бірлігі;
      • Акция 4 кезеңде өткізіледі:

 

1-кезең

- 1 check-up;

- «BORK» фирмасының 1 жүгіріп жаттығу құралы;

- «BORK» фирмасының денсаулыққа арналған тауарлардың 3 бірлігі

Шарттарды 15.07.2020 г. -15.09.2020 ж. аралығында жасалған клиенттер арасында ойнатылатын болады

Ұтыс 01.10.2020 ж. өткізіледі

2-кезең

- 1 check-up;

- «BORK» фирмасының денсаулыққа арналған тауарлардың 3 бірлігі;

- Toyota Corolla маркалы 1 автомобиль

Шарттарды 15.07.2020 г. -15.10.2020 ж. аралығында жасалған клиенттер арасында ойнатылатын болады

Ұтыс  05.11.2020 ж. өткізіледі

3-кезең

- 1 check-up;

- «BORK» фирмасының 1 жүгіріп жаттығу құралы;

-  «BORK» фирмасының денсаулыққа арналған тауарлардың 3 бірлігі

Шарттарды 16.10.2020 г. -15.12.2020 ж. аралығында жасалған клиенттер арасында ойнатылатын болады

Ұтыс 24.12.2020 ж. өткізіледі

4-кезең

- 1 check-up;

-  «BORK» денсаулыққа арналған тауарлардың 3 бірлігі;

- Toyota Corolla маркалы 1 автомобиль

Шарттарды 16.10.2020 г. -15.01.2021 ж. аралығында жасалған клиенттер арасында ойнатылатын болады

Ұтыс 21.01.2020 ж. өткізіледі

 

  • Қағидалардың 2.5. тармағында көрсетілген сыйлықтар ұтыс ойынын өткізу кезінде бір ұтыс ойынының қорытындысы бойынша сыйлық алған Қатысушы, автомобиль ұтысынан басқа, келесі ұтыс ойынына қатыспайды.

 4. ҰТЫС ОЙЫНЫ МЕН СЫЙЛЫҚТАРДЫ ТАБЫСТАУ ТӘРТІБІ

  • Қағидалардың 2. тармағында көрсетілген сыйлықтардың ұтыс ойыны Ұйымдастырушының, Ұйымдастырушы Серіктестерінің («Сбербанк» АҚ ЕБ және «Альфа-Банк» АҚ ЕБ) өкілдері және нотариус кіретін Комиссияның қатысуымен, Ұйымдастырушының таңдауы бойынша арнайы жабдықты пайдалана отырып Қатысушыны кездейсоқ таңдау жолымен өткізіледі.
  • Комиссияның міндеттеріне мыналар жатады:
  • сыйлықтардың ұтыс ойынының өткізілуіне дайындықты қадағалау;
  • ұтыс ойынын Қағидалардың талаптарына сәйкес өткізу;
  • ұтыс ойынының нәтижелерін тиісті актіні жасау арқылы растау;
  • ұтыс ойыны кезінде хаттаманы толтыратын және сыйлықтардың ұтыс ойыны аяқталғаннан кейін актіні жасайтын Комиссия хатшысын бекіту.
    • Ұтыс ойынының хаттамасында төмендегілер көрсетілуі тиіс:
  • сыйлықтардың ұтыс ойынын өткізу уақыты және орны;
  • Комиссия құрамы туралы мәліметтер;
  • ұтыс Шартты және сыйлықты ұтып алған Қатысушы туралы мәліметтерді көрсете отырып, ұтыс ойынын өткізу нәтижелері;
  • ұтыс аяқталғаннан кейін хаттамаға ұтыс ойынын өткізу кезінде қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
    • Сыйлықтардың сипаттамалары мен ерекшеліктері Қағидалардың 1 және 2 қосымшаларында көрсетілген.
    • Қандай да бір жағдайда сыйлық құнының ақшалай баламасымен ауыстырылуы мүмкін емес.
    • Акция бойынша Сыйлықты алу Ұйымдастырушыдан Қатысушыға Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылдау-өткізу актісімен расталады.
    • 2.1. тармағында қарастырылған сыйлықты ұтып алған Қатысушы ұтыс шартын және жеке басын куәландыратын құжатты көрсете отырып, оны сыйлық ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей алуға міндетті. Олай болмаған жағдайда Ұйымдастырушы осы сыйлық ұтысының басқа жеңімпазын таңдау құқығын өзіне қалдырады.
    • Ұйымдастырушы Қағидалардың 2. тармағының 3.2.1. тармақшасында көрсетілген сыйлықты сыйлық ұтып алған Қатысушының тұратын жеріне дейін тасымалдау бойынша шығыстарды көтермейді. Осы сыйлықты тасымалдау, ресімдеу, тіркеу және пайдалану жөніндегі барлық шығыстарды оны ұтып алған Қатысушы көтереді.
    • Ұйымдастырушыға Акция шеңберінде тапсырылатын сыйлықтардың сапасы үшін жауапкершілік жүктелмейді. Қатысушы сапа бойынша наразылықты Акция шеңберінде тапсырылатын тауарларды өндірушілерге/қызметтерді жеткізушілерге білдіреді.
    • Ұтыс ойынының кезеңдері және жеңімпаздарды жариялау бойынша бейне-есептері Ұйымдастырушының youtube.com/channel/UCB7u8q95G1stL-9Cs3elPzw YouTube арнасында қолжетімді болады.
    • Ұтыс ойынының жеңімпазы сыйлық алудан бас тартқаны туралы мәлімдеуге құқылы. Мұндай бас тарту ұтыс ойынының хаттамасында көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда қатысушыға сыйлықтың ақшалай баламасы берілмейді және басқа сыйлыққа ауыстырылмайды. Жеңімпаздың үшінші тұлғаларға сыйлық алу құқығын беруге және Қағидаларда көрсетілген сыйлықтың орнына басқа баламасын алуды талап етуге мүмкіндігі жоқ.

 5. ҚОСЫМША ТАЛАПТАР

  • Сыйлықты (-тарды) тапсыру бұқаралық ақпарат құралдарын шақыртумен, аудиожазбамен, фото және бейнетүсіріліммен көпшілік іс-шара ретінде ұйымдастырылуы мүмкін. Осы Акцияға қатыса отырып, кез келген Қатысушы оның аты (аттары), тегі (-тер) және әкесінің аты (-тар) (бар болса), тұрғылықты қала, бейне (-лер), оның ішінде фотосурет (-тер) (бұдан әрі бірге және жеке-жеке – «Дербес деректер») жұртшылыққа мәлім болып, аталған тұлғалардан қандай да бір қосымша рұқсат немесе келісімін (Дербес деректерді жинауға және өңдеуге рұқсат беруден басқа) алмай-ақ кез келген аудио- фото- және бейнематериалдарында пайдаланылуы мүмкін екенімен келіседі.
  • Сыйлықты алған Қатысушылар Акцияға қатысу туралы жарнамалық сұхбатты, оның ішінде радиода және телевизияда, сондай-ақ басқа бұқаралық құралдарында сұхбат беруге, немесе Ұйымдастырушының қандай да бір сыйақыны төлемей, графикалық жарнамалық материалдарды жасау үшін түсуге келісім береді. Осындай сұхбатқа және өзге материалдарға барлық авторлық құқықтар, белгісіз мерзімге, және осы құқықтарын пайдалану талаптары мен аумағын шектеусіз Ұйымдастырушыға тиесілі болады.
  • Әрбір Қатысушы оның Дербес мәліметтері, оның ішінде бейне және (немесе) аудиожазбаларындағы бар мәліметтер Ұйымдастырушы өз қалауынша қолайлы деп таныған кез келген тәсілмен көпшілікке мәлім болатынымен және Ұйымдастырушымен Қатысушыдан қандай да бір келісімді немесе қосымша рұқсатты алмай, қандай да бір сыйақыны төлемей және Қатысушыға бұл туралы хабарламай пайдалана алатынымен келіседі.
  • Ұйымдастырушы Акцияны кез келген уақытта жою немесе ұзарту, сондай-ақ осы Қағидаларды ол өзі қажет деп таныған тәртіпте осы Талаптарды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
  • Ұйымдастырушы Акцияға қатысты қосымша ақпаратты жариялау құқығын өзіне қалдырады. Қосымша немесе өзгертілген ақпарат Ұйымдастырушының жарнамалық материалдарында, және/немесе қатысып отырған сату нүктелерінде Ұйымдастырушының өз қалауынша жариялануы мүмкін.

АКЦИЯҒА ҚАТЫСА ОТЫРЫП, СІЗ ОСЫ ТАЛАПТАРДЫҢ МӘТІНІМЕН МҰҚИЯТ ТАНЫСЫП, ҚАНДАЙ ДА БІР ШЕКТЕУЛЕРСІЗ НЕМЕСЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРСІЗ  ТАЛАПТАР МЕН РЕСМИ ТАЛАПТАРДЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН СӨЗСІЗ КЕЛІСЕТІНДІГІҢІЗДІ АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ РАСТАЙСЫЗ.

«ZOLOTO NOMADOV», «ZOLOTO NOMADOV LIGHT» және «ZOLOTO NOMADOV Invest» сақтандыру өнімдері бойынша клиенттерге сыйлықтардың ұтыс ойыны» акциясын өткізу және оған қатысу қағидалары

Последнее изменение сделано 04.08.20 16:18 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало