Компания туралы ақпарат

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2007 жылдың 13 қарашада құрылған және 2019 жылдың 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген № 2.2.47 лицензиясы негізінде өмірді сақтандыру саласында сақтандыру (қайтасақтандыру) қызметін атқарады (Лицензия алғашқы рет 2008 жылдың 28 мамырында алынған).

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ 2012 жылдан бастап өмірді сақтандыру нарығында активтер, жеке капитал, төлемдер, сақтандыру резервтері, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақысын жинау бойынша, соның ішінде Қызметкердерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныптары бойынша көшбасшы орынға ие.

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігіне келесі стандарттар бойынша сертификаттар алған: ИСО 9001-2016 "Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар", ИСО 14001-2016 "Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және қолдану бойынша басшылық", OHSAS 18001-2008 "Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджмент жүйелері. Талаптар".

«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері 25.07.2013 ж. бастап орналастырылған және дауыс беруші акциянын 100%-на ие болған «НОМАД» сақтандыру тобы» ЖШС болып табылады. 

«НОМАД» Сақтандыру Тобы» ЖШС-ның (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Назарбаев даңғ., 231-үй, 32-пәтер) жалғыз үлескері - Мыңбаев Алмас Саятович.

«НОМАД» Сақтандыру Тобы» ЖШС, сондай-ақ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ-ның (орналастырылған және дауыс беруші акциянын 100%, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Толе би, 101) жалғыз Акционері болып табылады және Сақтандыру холдингі мәртебесіне ие.
«Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «НОМАД Иншуранс» СК» АҚ, «НОМАД» Сақтандыру Тобы» ЖШС Сақтандыру тобы болып табылады.

«Nomad Life» ӨСК АҚ:

-       28.09.2018 ж. бастап "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры" Акционерлік қоғамының мүшесі; (мекенжайы: Қазақстан Республикасы 050000, Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 28-үй, 7-блок, (ТК Бай - тал);

-       05.01.2009 ж. бастап Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мүшесі (АФК) (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" БО);

         -  21.07.2013 ж.  (Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 04 шілдедегі № 129-V «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының талаптары күшіне енген күннен бастап) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшесі болып табылады;

         - 18.09.2018 ж. бастап Сақтандыру омбудсманы өкілдері кеңесінің (мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы қ., Рысқұлбеков көш., 28-үй, 7-блок, (ТК Бай - тал).

Компанияның тәуекелдері дүние жүзіндегі AA- (S & P бойынша) рейтингі бар, бүкіл әлемде жұмыс істейтін, ең ірі еуропалық қайта сақтандыру қоғамында сақтандырылған.

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ВВ+» (болжамы тұрақты) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті берді. Сонымен қатар Компания «kzАА» деңгейінде ұлттық шәкілі бойынша рейтингке ие болды.

Қайта сақтандырушының растауы

Қайта сақтандырушының растауы

Мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама

Мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама

Сапа менеджменті Сертификаты

Сапа менеджменті Сертификаты

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті

Кәсіби қауіпсіздік және денсаулық менеджменті

Экологиялық менеджменті

Экологиялық менеджменті

БҮГІН «Nomad Life»:

Дамудың үздік динамикасын көрсетіп келе жатқан Компания.

Үздік сервиске ие Компания.

Сатудың дамыған жеке желісіне ие Компания (26 филиалдар мен аумақтық кеңселер).

Инновацияларды және автоматизацияны ендіру бойынша нарықтағы көшбасшы.

Өмірді сақтандыру саласында ұзақмерзімді қарым-қатынастар үшін үздік серіктес.

 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало