Клиентті қолдау
ТӨЛЕМДЕРДІ АЛУҒА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫСТАР
барлық сұрақтар телефон арқылы:
Алматы қ., Республика алаңы, 15 1,3 қабат
Факс: 320 10 59
Сақтандыру жарналарын төлеу
Толығырақ-
Аннуитеттік сақтандыру
сақтандырылушы белгiлi бiр жасқа жеткен, еңбек ету қабiлетiн (жасына байланысты, мүгедектiгiне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуiне немесе одан айрылуына әкелiп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрiнде кезең-кезеңiмен сақтандыру төлемдерiн жүзеге асыру көзделетiн жинақтаушы сақтандыру түрлерiнiң жиынтығы .
Пайда алушысақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актілерге сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Пайда алушы болып заңды тұлға, сонымен бірге азамат бола алады. Пайда алушы жеке болсын, сонымен бірге мүліктік сақтандыру бойынша тағайындалуы мүмкін. Міндеттті түрлері бойынша Пайда алушы сақтандырудың осы түрін реттейтін заңнамалық актілермен айқындалады, ерікті түрлері бойынша сақтанушымен тағайындалады.
Сатып алу сомасыжинақтық сақтандыру шартының қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтатқан кезде сақтанушы алуға құқығы бар ақша сомасы.
Бонустық сатып алу сомасыҚағидаларға сәйкес сақтандыру дивидендтерінің мөлшерінен шыға отырып анықталатын сақтандыру шартымен кепіл берілмеген сатып алу сомасы.
Сақтандыру полисінің жылдығыкүні және айы сақтандыру полисі берілген күннің күнімен және айымен сәйкес келетін сақтандыру шарты әрекет ететін кезеңге келетін әр жылдың күні.
Аннуитет шартыСақтандырушы шартпен белгіленген мерзім ішінде Пайда алушының пайдасына кезең-кезеңді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті сақтандыру шарты. Аннуитет шарты ерікті сақтандыру шарттарына жатады.
Сақтандыру шарты, сақтандыру полисісақтанушы және сақтандыру компаниясы арасында құқықтық қатынастардың туындауын растайтын және сақтандыру талаптарын анықтайтын құжаттар. Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру оқиғасы туындаған кезде шартпен белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
Сақтандырылған адамсақтандыру жүзеге асырылатын тұлға. егер өзгесі шартпен көзделмесе, сақтанушы бір уақытта сақтандырылған адам болып табылады.
Мүгедектікауру немесе жарақат салдарынан жалпы немесе кәсіби еңбекке қабілеттілігінің берік бұзылуы (төмендеуі немесе айрылу).
Жинақтық сақтандыруқайсысы бірінші болып туындауына байланысты, сақтандыру оқиғасы туындаған кезде не сақтандыру шартымен көзделген өзге оқиға туындаған кезде, соның ішінде сақтандыру шартымен белгіленген кезең өткеннен кейін сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін сақтандыру.
Жазатайым оқиғаадамның еркісінен тыс туындаған, денсаулығына зиян келтіруге, зақым келтіруге немесе өлімге апарып соқтырған сақтандырылған адамның ағзасына сыртқы механикалық, электр, химиялық немесе термиялық әсер ету нәтижесінде туындаған күтпеген, қысқа уақыттағы жағдай (оқиға).
Төленген сақтандыру полисіҚағидалармен көзделген жағдайларда алдында берілген полистің орнына сақтандыру жарналарын төлеуді мерзімінен бұрын тоқтату кезінде Сақтандырушы Сақтанушыға беретін полис
Сақтандыру қағидаларысақтандырудың белгілі бір түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру шарттарын анықтайтын сақтандыру ұйымының қүжаты.
Сақтанушысақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Сақтанушы болып заңды тұлғалар және азаматтар бола алады.
Сақтандыру төлемісақтандыру оқиғасы не жинақтық сақтандыру шартында анықталған мерзім туындаған кезде сақтандыру сомасы шегінде сақтандырушымен сақтанушыға (пайда алушыға) төленетін ақша сомасы.
Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі және мерзімі шартпен анықталады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша олар заңнамалық актілермен анықталуы мүмкін.
Сақтандыру дивидендтеріКомпанияның ішкі құжаттары және ережелеріне сәйкес есептелген Компанияның табысын бөлу есебінен тиесілі сақтандыру шартымен кепіл берілмеген ақша сомасы.
Сақтандыру ұйымы (компаниясы)уәкілетті органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру шарттарын жасасу және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Сақтандыру сыйлықақысыСақтанушыға (пайда алушыға) сақтандырушы сақтандыру немесе аннуитет шартымен анықталған көлемде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттемелерді қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.
Сақтандыру сомасысақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру оқиғасы туындаған кезде сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын ақша сомасы.
Жазатайым оқиғалардан сақтандыруауру жағдайына сақтандыруды қосапағанда, сақтандырылушы жазатайым жағдайдың, кәсіби аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіптiк жағынан) қабiлетiн (толық немесе iшiнара) жоғалтқан немесе сақтандырылушының денсаулығына өзге де зиян келтiрiлген жағдайларда оның шығыстарын тіркелген сомада және (немесе) iшiнара немесе толық өтемi мөлшерiнде сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделетiн сақтандыру түрлерiнің жиынтығы.
Сақтандыру оқиғасысақтандырушының сақтанушыға немесе пайда алушыға сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесі туындайтын сақтандыру шартымен көзделген оқиға.
Сақтандыру оқиғасы ретінде қаралатын оқиға, жинақтық сақтандыру шартымен көзделуі мүмкін оқиғалардан басқа, ықтималдық және оның туындауының кездейсоқтығы белгілеріне ие болуы тиіс.
Сақтандыру агентісақтандыру агенттерінің тізіліміне енген және тапсырыс шарты негізінде бір немесе бірнеше сақтандыру ұйымдарының атынан және олардың тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Сақтандырушысақтандыру оқиғасы туындаған кезде шартпен белгіленген соманың шегінде пайдасына сақтандыру шарты жасасқан сақтанушыға немесе өзге тұлғаға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті тұлға.