Рейтингтер

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ВВ+» (болжамы тұрақты) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті берді. Сонымен қатар Компания «kzАА» деңгейінде ұлттық шәкілі бойынша рейтингке ие болды.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтерінің көтерілуі операциялық жағдайлар нашарлаған немесе күтпеген ірі шығындар орын алған жағдайда бизнестің одан әрі өсуін және өтімділіктің жеткілікті көпшігін қамтамасыз ететін капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруын көрсетеді. Бұдан басқа, компания менеджменті активтерді бөлуге қатысты сарапталған саясатты жүргізуге бағытталғанын атап өтеміз, ол кредиттік сапасы орташа есеппен «ВВВ» рейтингтік санатынан кем емес активтерге инвестициялауға бағытталған. Бұл өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруына, соңғы екі жыл ішінде инвестициялық портфель тәуекелдерінің біртіндеп төмендеуіне және инвестициялар сапасының жақсаруына әкелді» – деп есептейді S&P талдаушылары

«S&P Global Ratings рейтингінің артуы Компанияның үздіксіз дамуын растайды. Біз бір орында тұрмаймыз – сақтандырудың жаңа және тиімді бағдарламаларын нарыққа шығарамыз, өмірді сақтандыру саласын дамыту бойынша нарықпен бірлесіп жұмыс істейміз. Қаржы институтының сенімділігі қызметі ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты өмірді сақтандыру бойынша сақтандырушыны таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады»,  –  деді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Компания халықаралық рейтинг агенттіктерінің "Үлкен үштігіне" (Standard & Poor's, Moody’s, Fitch Ratings) кіретін агенттіктен өмірді сақтандыру саласында ТМД елдерінің аумағында ең жоғары рейтингке ие болды.

Сонымен қатар, " Nomad Life" ӨСК " АҚ Қазақстанның қаржы нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан ойыншылардың бірі және әлеуметтік жауапты бола отырып, Компания саладағы ең үлкен салық төлеуші болып табылады.  

Рейтингтерді көтерілуі туралы ақпаратПоследнее изменение сделано 29.10.20 11:13
Последнее изменение сделано 29.10.20 11:30 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало