Nomad Life рейтингі «ВВ+» деңгейіне дейін көтерілді

Nomad Life рейтингі «ВВ+» деңгейіне дейін көтерілді

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтерінің көтерілуі операциялық жағдайлар нашарлаған немесе күтпеген ірі шығындар орын алған жағдайда бизнестің одан әрі өсуін және өтімділіктің жеткілікті көпшігін қамтамасыз ететін капитал жеткіліктілігі көрсеткіштерінің айтарлықтай жақсаруын көрсетеді. Бұдан басқа, компания менеджменті активтерді бөлуге қатысты сарапталған саясатты жүргізуге бағытталғанын атап өтеміз, ол кредиттік сапасы орташа есеппен «ВВВ» рейтингтік санатынан кем емес активтерге инвестициялауға бағытталған. Бұл өтімділік көрсеткіштерінің жақсаруына, соңғы екі жыл ішінде инвестициялық портфель тәуекелдерінің біртіндеп төмендеуіне және инвестициялар сапасының жақсаруына әкелді» – деп есептейді S&P талдаушылары. ҚҚҚ талдау орталығының есебіне сәйкес «Nomad Life» компаниясы ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша активтердің өсімі бойынша бірінші орынды иеленді.

 

«S&P Global Ratings рейтингінің артуы Компанияның үздіксіз дамуын растайды. Біз бір орында тұрмаймыз – сақтандырудың жаңа және тиімді бағдарламаларын нарыққа шығарамыз, өмірді сақтандыру саласын дамыту бойынша нарықпен бірлесіп жұмыс істейміз. Қаржы институтының сенімділігі қызметі ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты өмірді сақтандыру бойынша сақтандырушыны таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады»,  –  деді «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

22.10.2020 Жаңалықтарға қайта
Последнее изменение сделано 22.10.20 16:04 Молдагазиева Гульчохра
 
+
    Золото номадов
$-да жылдық тиімді мөлшерлеме
3,41% дейін*

*Осында және одан әрі «$» сақтандыру Ережелерінің шарттарына сәйкес тиісті операцияны орындаған күні ҚР ҰБ белгіленген АҚШ долларының ресми бағамы бойынша көрсетілген сомаларды қайта есептеу арқылы барлық сомалар АҚШ долларында, ал, «ZOLOTO NOMADOV» сақтандыру өнімі бойынша барлық төлемдер мен аударымдар ҚР ұлттық валютасында көрсетілгенін білдіреді.

ZOLOTO NOMADOV

Өмірді сақтандыруды
инвестициялаңыз!

Толығырақ
Вернуться в начало